Тимощук: «Шахтер» Еуропа лигасының финалына дейін жетуі мүмкін»
«Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук донецкілік «Шахтердің» Еуропа лигасындағы мүмкіндігін зерттеп көрді.
«Шахтер» Еуропа лигасының финалына дейін жетуі мүмкін. Паулу Фонсеканың командасы қазір бабында, топтық кезеңде бірде-бір ұпай жоғалтпады. «Сельта» - мықты, бірақ «Шахтерді» жеңе алмайды. Менің ойымша, донецкілік клуб - Еуропа лигасының басты фавориттерінің бірі», - деді Тимощук Sport.ua сайтына.
Естеріңізге сала кетсек, «Шахтер» Еуропа лигасының 1/16 финалында испаниялық «Сельтамен» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или