Испанияның салық органдары «Реалдың» былықтарын ашып жатыр
Испанияның салық органдары Unidad Editorial басылымынан футболшылар мен кәсіпкерлердің табысы және салық міндеттемелерін дұрыс орындауы жайлы маңызды қүжаттарды талап етті. <br /><br />37 адамға қатысты құжаттар сұралды. Олардың басым көпшілігі «Реалдың» ойыншыларына қатысты. Атап айтқанда, Криштиану Роналду, Неймар, Рикарду Карвалью, Фабиу Коэнтрау, Пепе, Хамес Родригес, Жозе Моуриньо және тағы да басқалар. Бұған дейін германиялық «Шпигель» апталық басылымы дәл осы құжаттарды алғанын мәлімдеген еді. «Шпигель» басылымының хабарлауынша, «Реал Мадрид» ойыншысы бірнеше жыл бойы Виргин аралдарындағы офшор фирмаларының көмегіне жүгініп, жарнамадан тапқан 75 миллионнан астам еуроны жымқырған. Бұл схема Роналдудың агенті Жорже Мендешпен құрастырылған.