Қазақстандықтар Google-дан Данияр Елеусіновті жиі іздеген
Белгілі Google компаниясы жыл бойы қазақстандықтардың нені жиі іздегенін жария етті.
Көп ізделген он сұраныстың ішінде көбі фильм немесе сериалдардан тұрады. Дегенмен, бұл ондықтан спортқа орын табылды. Қазақстандықтар жазда өткен екі спорттық жарыста жиі іздеген екен – «Евро 2016» және «XXXI Жазғы Олимпиада ойындары». Нәтижесінде сұраным бойынша доп додасы төртінші орында болса, Олимпиада ойындары бесінші сатыға табан тіреді.
Ең әйгілі сұранымдар:
1. Мажор 2 сезон
2. Физрук 3 сезон
3. Евро 2016
4. Игра престолов 6 сезон
5. XXXI Жазғы Олимпиада ойындары
6. Запах клубники
7. Отряд самоубийц
8. Баян Есентаева
9. Битва экстрасенсов 17 сезон
10. Дэдпул
Ал жеке тұлғалар бойынша да бір спортшымыз үздік ондыққа еніп отыр. Қазақстандықтар бұл жылы Данияр Елеусіновті Google-дан жиі іздеген.
1. Баян Есентаева
2. Ерасыл Әубәкіров
3. Сафар Шакеев
4. Дональд Трамп
5. Ислам Кәрімов
6. Төреғали Төреәлі
7. Данияр Елеусінов
8. Пратюша Банерджи
9. Мұхаммед Әли
10. Алан Рикман