Оскар Қытайда аптасына 420 мың еуро алып отырады

Оскар Қытайда аптасына 420 мың еуро алып отырады

Бразилиялық Оскар әлемде ең көп жалақы алатын футболшылардың біріне айналады.

The Telegraph-тің ақпаратына сүйенсек, «Челси» Оскарды қытайлық «Шанхай Теллейске» 72 миллион еуроға сатуға дайын. Футболшы командадағы әріптестеріне Қытайға ауысатынын хабардар етіп қойған.

Жаңа клубта Оскар аптасына 420 мың еуро алып отырады. Демек, оның жылдық табысы 22 миллион еуродай болмақ. 

Бұл сомаларды теңгеге ауыстырсақ: бразилиялық футболшы аптасына 147 миллион, ал жылына 7 миллиард 700 миллион теңге табыс табады. 

Айта кетейік, «Шанхай Теллейс» клубын белгілі маман Андре Виллаш-Боаш жаттықтырады, ал командада бразилиялық тағы бір жұлдыз Халк ойнайды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или