«Қайрат» Покатиловты сатып алды

«Қайрат» Покатиловты сатып алды

Алматылық клуб Стас Покатиловпен 3+2 жүйесі бойынша келісім-шартқа отырды.

Осы маусымда голкипер «Қайратқа» жалға келген болатын, чемпионат аяқталған соң «Қайрат» футболшыны ресейлік «Ростовтан» сатып алды. Бұл туралы алматылық ұжымның ресми сайты жазды. 

Стастың мансабы 2010 жылы «Ақжайықта» басталған, өз қаласының командасы сапында Покатилов 2013 жылға дейін ойнап, артынша «Шахтермен» келісім-шартқа отырды. Қарағандылық команда сапында қақпашы Қазақстан Кубогын жеңіп алды.

2015 жылы Покатилов «Ақтөбенің» ойыншысы атанып, осы клубпен бірге біріншіліктің қола медалін қанжығалады. Ал 2016 жылдың басында ресейлік «Ростовпен» келісім-шартқа отырып, Ресей Премьер-лигасының күміс медалін мойнына тақты. Осы маусымның ортасында Стас «Қайратқа» ауысып, 10 шақты матчқа қатысқан.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или