«UFC 206». Керемет айқастар турнирі
Канаданың Торонто қаласында әдемі жекпе-жектерге толы «UFC 206» турнирі аяқталды.
Аса танымал «файтерлер» жұдырықтаспаса да Торонтодағы жарыс өте қызық өтті. Басты жекпе-жек те жартылай жеңіл салмақтың уақытша UFC чемпиондық белбеуі сарапқа салынды. Америкалық Макс Холлуэй кезінде UFC чемпионы болған отандасы Энтони Петтисті техникалық нокаутпен ұтты. Жекпе-жек өте тартысты өрбіді.
Сондай-ақ, октагонға «ковбой» Серроне де шықты. Дональд өте қызық жекпе-жекте Мэт Браунды «мидл кикпен» талдырды.
Ал «UFC 206» турнирінің ең қызық жекпе-жегі атанған Свонсон – Чой айқасында жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды. Қазылар жеңісті Свонсонға бұйырды. Үш раунд ішінде қос «файтер» керемет жекпе-жек өткізіп, ұйымдастырушылардан қосымша 50 мың доллар сыйақы алды. Каб Свонсон мен Ду Хой Чой арасындағы айқас биылғы жылдың ең үздік жекпе-жегі атануы мүмкін. Бұл туралы UFC басшысы Дана Уайт та айтты.
Сонымен қатар, Лэндо Ваннатаның керемет нокауты есімізде қалды.