«Шапекоенсе» ойыншысы: «Финалда қандай нәтиже болды?»

«Шапекоенсе» ойыншысы: «Финалда қандай нәтиже болды?»

Колумбиядағы әуе апатынан тірі қалған «Шапекоенсе» ойыншысы Нето есін жиған соң өзіне не болғанын білмейтінін айтты.

TV Globo-ның хабарлауынша, Нето дәрігерлерден «Атлетико Насьональге» қарсы матчтың қалай аяқталғанын (команда сол матч үшін Колумбияға бара жатқан) және осындай ауыр жарақат алатындай не болғанын сұрады.

Клубтық дәрігер Карлос Мендоса айтуынша, қорғаушының денсаулығы ауыр болғандықтан, оған бар шындықты айтуға рұқсат берілмепті.

Естеріңізге сала кетсек, 29 қарашада Колумбияда «Шапекоенсе» футболшылары отырған ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Нәтижесінде 71 адам қаза тапты. Оның ішінде «Шапекоенсенің» 19 футболшысы мен 24 делегация өкілі бар.

Команда Либертадорес кубогының финалы аясында «Атлетико Насьональге» қарсы матчқа ұшып бара жатқан болатын. Колумбиялық клуб КОНМЕБОЛ-ға аталмыш кубокты «Шапекоенсеге» беруді ұсынған және бұл ұсыныс қабыл алынды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или