«Қайрат» соңғы рет ел чемпионы болғанда әлем қандай еді?

«Қайрат» соңғы рет ел чемпионы болғанда әлем қандай еді?

Жаңа тарихы басталған «Қайраттың» чемпион атанамын деп жүргеніне бірнеше жыл болды. Бірде «Ақтөбе» алдын орап кетсе, кейін «Астанаға» жете алмай жүр. Алматылық ұжымның соңғы рет ел чемпионы атанғанына 12 жыл болыпты. Ұзақ уақыт...

Енді «Қайрат» Қазақстанның үздігі атанып, чемпион болған сәтті есіңізге түсіріңізші. 2004 жыл. Ол кезде әлем қандай еді?

«Қайрат» соңғы рет ел чемпионы болған жылы:

- Қазақстандық боксшы Бақтияр Артаев Афина Олимпиадасында алтын жүлде алып, өз атын енді шығара бастады

- Грекия кәрі құрлықты дүр сілкіндіріп, сенсация жасады да, Еуропа чемпионатын жеңіп алды

- «Ақтөбе» футбол клубының алтын дәуірі әлі басталған жоқ

- 17 жасар Мария Шарапова тұңғыш рет Уимблдонды жеңіп алды

- АҚШ президенті Джордж Буш екінші рет сайлауда жеңіске жетті

- «Спирит» тұңғыш рет Марс ғаламшарына қонды

- Нөмірі бірінші әлеуметтік желі саналатын Facebook ғаламторға жол тартты 

- Қоғам қайраткері Заманбек Нұрқәділовтің көзі тірі. Сол жылы үлкен баспасөз-мәслихатын ұйымдастырып, елбасына үлкен сын айтқан болатын 

- Кәсіпқой бокста қарсылас шақ келтірмей, «орта салмақтың патшасына» айналған Геннадий Головкин әлі әуесқой бокста жүрді 

- 26 жастағы Самат Смақов өз мансабында тұңғыш рет Қазақстанның үздік футболшысы атанды 

- Бір доллар орта есеппен 135-137 теңгені құрады

- Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің кезеңі басталмады, ал «Алтын допты» Андрей Шевченко еншіледі

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или