«Шахтер» Срнаның «Барселонаға» ауысуына рұқсат берді

«Шахтер» Срнаның «Барселонаға» ауысуына рұқсат берді

Донецктік  «Шахтер»  команда капитаны Дарио Срнаға «Барселонаға» ауысуына рұқсат берді, деп жазады sportfakt.ru сайты  Mundo Deportivo басылымына сілтеме жасап.

«Шахтердің»  қорғаушысы клуб басшылығынан басқа клубқа ауысуына тосқауыл болмауын сұраған. Испаниялық клуб футболшымен келіссөз жүргізуде. Дегенмен, осыған дейін «Шахтер» Срнаның католониялық команда сапына ауысуына қарсы болған. Ақпарат көзінің хабарлауынша, бұл келіссөз сәтті аяқталмауы мүмкін. Егер Алейш Видаль католониялық клубтан кетпесе, Срнаның жолы жабылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейін, «Барселона» Алейш Видальды қысқы трансферлік ауысым кезінде сатуды жоспарлап отыр. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или