Әлем чемпионатында тең түскендер пенальти тебісуі мүмкін

Әлем чемпионатында тең түскендер пенальти тебісуі мүмкін

ФИФА басшылары әлем чемпионаттарының топтық кезеңінде тең түсу ережесін алып тастамақ.

The Times басылымының хабарлауынша, топтық кезеңде тең түскен командалар әдеттегідей бір ұпайдан еншілемейді. Енді 90 минуттың ішінде жеңімпаз анықталмаса, командалар пенальти сериясын өткізеді.

Мұндай өзгеріс әлі ресми түрде қабылданған жоқ, бірақ ФИФА бүгінде осы мәселені қарастырып жатыр.

Айта кетейік, ФИФА басшысы Джанни Инфантино бұған дейін әлем чемпионатына қатысатын командалар санын 48-ге өсіруді ұсынды. Егер бұл ұсыныс қабылданып жатса, құрамалар үш-үштен 16 топқа бөлініп, олардың үздік екеуі плэй-офф кезеңіне шығады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или