Чемпиондар лигасының матчтары енді басқа уақытта басталады
УЕФА бас хатшысының орынбасары Джорджио Маркеттидің айтуынша, енді жанкүйерлер көп матчты көруге мүмкіндік алады.
УЕФА 2018/19 жылғы маусымнан бастап Чемпиондар лигасының матчтарын бір уақытта өткізбейтін болды.
«2018 жылдан бастап Чемпиондар лигасының матчтары екі түрлі уақытта басталады – ортаеуропалық уақытпен 19 сағатта (екі матч) және 21 сағатта (қалған алтауы). Осылайша, жанкүйерлер көп матч көруге мүмкіндік алады», - деді Маркетти.
Чемпиондар лигасының матчтары бүгінде бір уақытта басталып жүр – ортаеуропалық уақытпен 20:45-те.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или