«Ертіс» Сартаковты «Тобылға» 30 миллион теңгеге сатты
Керекулік «Ертіс» қарыздарын жабу үшін жас қорғаушысын сатуға мәжбүр болды.
Осылайша, Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы қостанайлық «Тобылға» ауысты. Трансфердің құны - 30 миллион теңге.
Естеріңізге сала кетсек, Григорий Сартаков - «Ертіс» футбол мектебінің түлегі. Биыл 22 жастағы футболшы бірінші рет Ұлттық құрамаға шақыртылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или