Ади Хюттер: «Еуропа лигасының топтық кезеңін жеңіспен аяқтағымыз келеді»
«Янг Бойз» - «Астана» матчы алдында швейцариялық клубтың бас бапкері Ади Хюттердің қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті.
- Бұл ойынның аса маңыздылығы жоқ. Қос команда плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Әрине, Еуропа лигасының топтық кезеңін жеңіспен аяқтағымыз келеді. «Астана» - мықты қарсылас, алайда біз УЕФА коэффициенттер кестесіне ұпай жинауымыз қажет.
- Ертеңгі ойында командада өзгерістер болады ма?
- Әрине. Ротация жасаймыз. Кешегі «Базель» сияқты ірі есеппен жеңілгіміз келмейді.
- Қақпада Вольфи ма, әлде Мвого тұрады ма?
- Екеуінің біреуі ойнаймайды. Әзірге осыны ғана айта аламын. Сондай-ақ, Яя Кубо жарақатынан емделу үшін өз отанына қайтып кетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или