Обемеянг алаңға шықпайды
Мадридтік "Реал" бүгін "Сантьяго Бернабеу" стадионында Дортмундтың Боруссиясын қабылдайды. Екеуі де топтан шығып қойған. Тек анықталмаған бір сұрақ бар. Топтағы бірінші орынды кім алады? Себебі, плэй-офф кезеңінде 1 орын алған ұжымдар жақсы рейтингпен жеребеде осал қарсыласқа түседі. Қарсыластан 2 ұпай төмен тұрған Зинедин Зидан шәкірттері бұл матчта тек қана жеңіске жетуі тиіс.
ТОМАС ТУХЕЛЬ, "БОРУССИЯ" ДОРТМУНД КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: <br />- Бізге бұл ойында тең нәтиженің өзі де жеткілікті. Сондықтан да, жеңіліп қалмауды ойлаймыз. Бірақ, "Реалдың" алаңында бұл командаға қарсы төтеп беру әлемдегі клубтардың көбісінің қолынан келмейтін шаруа.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или