Бас қолбасшы кубогы басталды

Бас қолбасшы кубогы басталды

Елордада Жоғарғы бас қолбасшының кубогына жекпе жек сайысынан 2 республикалық ашық турнир өз бастауын алды. екі күнге созылатын тартысты жарысқа еліміздің барлық өңірінен қатысушылар келген. 9 салмақ дәрежесі бойынша 29 команда сынға түседі. Осы жарыста көзге түскендер ұлттық құрама сапына алынып, олар келер жылы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар, 90 жылдары құрылған қауымдастық атауын өзгертіп, жаңаша жұмыс бастамақшы. 

РУСТАМ АБДАЛИМОВ, ЖЕКПЕ-ЖЕК САЙЫСЫ БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

- Өз уақытында "рукопашный бой" деген сөз қазақшаға жөнді тәржімаланбаған. Қоян-қолтық төбелес деген сөз бізге ұнамады. Сондықтан да, біраз терминологияны қарастыра отырып, біз сайыс пен жекпе жек сөздеріне тоқтадық. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или