Бауыржан Исламхан – маусымның үздік ойыншысы

Бауыржан Исламхан – маусымның үздік ойыншысы

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2016 жылдың қорытындысы бойынша үздік ойыншыны анықтауға жасалған сауалнаманы қорытындылады.

Сауалнама барысында әр қатысушы басымдық бойынша үш футболшының ата-жөнін айтып шықты. Біріншісі 3 ұпай, екіншісі 2 ұпай, ал үшіншісі 1 ұпай еншіледі.

Сауалнаманың қорытындысы: «2016 жылғы маусымда Премьер-лиганың үздік футболшысы» - Бауыржан Исламхан, 46 ұпай. Екінші және үшінші орындарды екі футболшы бөліп тұр – маусымды «Ордабасыда» бастап, «Астанамен» алтын медаль алған Азат Нұрғалиев және «Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу – 27 ұпай. Төртінші орында «Ертістің» жартылай қорғаушысы Карлос Фонсека – 15 ұпай. Үздік бестікті қайраттық Андрей Аршавин түйіндейді – 13 ұпай

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или