Әуе апатынан аман қалған Нетоның жағдайы тым ауыр
Колумбиядағы әуе апатынан тірі қалған «Шапекоэнсе» қорғаушысы Элио Нетоның жағдайы тым ауыр.
Бірнеше күн бұрын 31-жастағы бразилиялық футболшының әкесі баласының жазылып келе жатқанын, тіпті, футбол ойнауы мүмкін екенін айтқан еді.
Алайда соңғы сағаттарда өкпе инфекциясына байланысты Нетоның жағдайы қиындап кетті.
Ал тірі қалған басқа ойыншылар – Жаксон Фолльманн мен Алан Рушел өздерін жақсы сезінеді.
Бір аяғын кесіп тастауға тура келген Фолльманн өз отбасына аудиохабарлама жіберіп, қолдаулары үшін алғысын айтса, Рушел чураско дайындап беруді сұраған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или