Стойлов: «Мұртазаев Қазақстанның жетекші ойыншысына айналуы мүмкін»

Стойлов: «Мұртазаев Қазақстанның жетекші ойыншысына айналуы мүмкін»

«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов жақында ғана команда қосылған Роман Мұртазаев туралы айтып берді. 

- Мұртазаевтың үлкен футболшы болатын барлық қасиеті бар. Біз оған бұл мақсатына жету үшін көмектесуге дайынбыз. Егерде ол аянбай еңбек етсе, Қазақстанның жетекші футболшысына айналады, - деді болгариялық маман елордалық клубтың ресми сайтына. 

Естеріңізге сала кетсек, Мұртазаев швейцариялық «Баденге» қарсы жолдастық кездесуде (7:0) дубль жасаған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или