Меркель «Арминияға» қарсы ойнап, үздік ойыншы атанды
«Бохумның» қазақстандық жартылай қорғаушысы Александр Меркель Екінші бундеслигада «Арминияға» қарсы матчта алаңға шықты.
Меркель ойынға негізгі құрамда қосылып, 90 минут бойы алаңда болды. Бірақ, Меркельдің командасы алаң иелеріне 0:1 есебімен жол берді. Александр бұл матчта жартылай қорғаныстың қапталында өнер көрсетсе, үзілістен кейін ортада ойнады.
Қазақстандық футболшы «Бохум» сапында матчтың үздік ойыншысы атанды. Whoscored статистикалық порталы оған 7,6 деген баға берді.
«Бохум» Екінші бундеслигада 15 турдан соң 18 ұпай жигап, 13-ші орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или