Анатолий Нанков: «Қазақстандық клубтар үшін барлық жағдай жасалған»
«Қайсар» бас бапкерінің көмекшісі Анатолий Нанков «Код спорт» бағдарламасының эфирінде қазақстандық футбол туралы айтып берді.
«Қазақстандағы он екі команданың үшеуінде болгар бапкерлері жұмыс жасайды Станимир Стойлов, Димитар Димитров және Стойчо Младенов. Әсіресе Стойловты ерекше атап өтуге болады – ол үлкен жұмыс атқарды, қатарынан үшінші рет ел чемпионы атанып, болагриялық басқа да бапкерлерге жол ашты. Қазақстанда оған құрметпен қарайды.
Қазақстанда барлық клубтар қаржылық тұрғыда қамсыздандырылған: Болгария секілді мұнда да футбол туралы айтып қана қоймай, оған көп көңіл бөліп жатыр. Спортқа ақшалар бөлініп, стадиондар салынуда, командалар үшін жақсы жағдай жасалуда», - деді Нанков.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или