Агуэро төрт матчқа алаңнан шеттетіледі
«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Серхио Агуэро төрт матчқа алаңнан шеттетілуі мүмкін.
Аргентиналық ойыншы «Челсиге» қарсы матчта қызыл қағаз алған болатын, ойынның соңына таман Агуэро Давид Луиске қарсы дөрекі ойнады.
ВВС-тің хабарлауынша, енді Футбол қауымдастығы оны сол дөрекі ойыны үшін жазалайды.
Бұған дейін қыркүйекте Серхио «Вэст Хэмнің» қорғаушысы Уинстон Ридті ұрып жібергені үшін үш матчқа алаңнан шеттетілген болатын. Сондықтан, бұл жолы жаза күшейеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или