Рамос «Камп Ноуда» командасына бір ұпай сыйлады

Рамос  «Камп Ноуда» командасына бір ұпай сыйлады

 «Барселона» өз алаңында  «Реалмен» тең түсті. 

«Барселона» осы маусымды сәтсіз бастағанымен,  «Реалмен» болған ойында жеңіске бір табан жақын болды. Алғашқы таймда есеп ашпаған командалар екінші таймда қақпаға қауіп төндіре бастады. Ойынның 53-ші минутында Луис Суарес гол соғып, жылдың ең басты матчында командасын алға шығарған болатын. Каталониялықтардың жеңісіне Рамос тосқауыл болды. Ойынның соңғы минутында гол соғып, есепті теңестіріп кетті. 

 

Испания чемпионаты. 14- ші тур.

«Барселона» - «Реал Мадрид» -  1:1 (0:0)

Голдар: Л. Суарес  53 – Рамос 90

«Барселона»:  Тер Штеген, Пике, Маскерано, Альба, Гомеш (Туран 78), Бускетс, Ракитич (Иньеста 60), Роберто, Л. Суарес, Месси, Неймар (Д. Суарес 87)

«Реал»:  Навас, Карвахаль, Варан, Рамос, Марселу, Ковачич (Мариано 86), Модрич, Иско (Каземиру 64), Л. Васкес, Бензема (Асенсио 77), Роналду

Ескерту: Неймар 27, Л. Суарес 74 – Иско 13

3-ші желтоқсан, Барселона, «Камп Ноу»

 

Суарестің голы: 

 

 

 

 Рамостың голы: 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или