Депай немесе Джаккерини
La Gazzetta dello Sport газетінің жазуы бойынша "Рома" жақын арада ашылатын трансферлік кезеңде мықты бір ойыншымен күшеймек. Олардың қазіргі таңдауы Мемфис Депай мен Эмануелле Джаккерини болып отыр. "Манчестер" сапында қарық қылып ойнап жүрмеген голландиялық жартылай қорғаушы Римге қоныс аударуға қарсы емес. Тек "Юнайтед" басшылары көп ақша сұрап отыр. "Рома" президенті 25 миллион еуроны көпсініп, қазір ағылшындармен саудаласып жүр. Егер бұл трансфер орын алмаса, онда Депайды тастап, орнына Джаккериниді алуға қам жасамақшы. Трансферлік саясат "Ромада" осы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или