Ойын сатқанның ойыны осылды

Ойын сатқанның ойыны осылды

Қызық оқиғаның бірі 1994 жылы қыркүйекте болды. Тбилисилік «Динамо» басшылары УЕФА кубогындағы «Гленторанмен» болатын кездесуге төрелік айтуға келген түрік қазысын Ақштың 5 мың долларымен алдын-ала «құрметтеп» қояды. Сот алдында жауап берген грузиндер; ол ақшаны төрешіге жолкүре және қонақүйге төлеуге берген едік деп ақталады. Амал не ешкім сенбеді… Соның салдарын «Динамо» УЕФА кубогынан қуылып, бұл турнирден бір жылға шеттетіледі.

Мұндай аса қызықты істердің тізімі бір жылдан соң Украинада жалғасты. Чемпиондар лигасындағы кезекті ойынын грекиялық «Олимпиакоспен» өз алаңында өткізбек болған «Динамо» турнирден амалсыз шығуға мәжбүр болады. Басты себеп төреші Лопес Ньетоның УЕФАға жазған шағым хатына келіп тірелді. Онда ол киевтік клубтың директоры Василий Бобейчук пен Игорь Суркистің 50 мың $ көлемінде пара ұсынғанын меңзеп жібереді. Осыдан барып іс насырға шауып, үлкен шу көтеріледі. УЕФА шешімі бойынша киевтіктер де тбилисиліктердің кебін киіп 1 жылға чемпиондар лигасынан аластатылады.

Айыпталушылардың айытуына қарағанда олардың ақша ұсынғандары рас, бірақ оны испандық төрешіге Киевтің дүкендерінен жағалы киім алуларына беріпті. Себебі онда киімдер өте қымбат болса керек. Шығарылған шешімге қарағанда олардың бұл айтқан уәждеріне грузиндіктердікіндей ешкім сенбеген секілді.

95-тің жазында бүкіл Еуропаны дүрліктірген тағы бір оқиға болды. Даңғазаның ортасында бұл жолы Зимбабвелік қақпашы Брюс Гроббелар қалды. Ағылшындық «Ливерпуль» қақпасын қорғап жүрген Гроббелар екінші мәрте осы елде футбол ойнамастай болып кетті. Оның малайзиялық букмекерлік кеңселерімен құпия түрде жүргізген әрекеттерінің барлығы су бетіне шығады. Сонда мұның бар жасайтын жұмысы айтылған мөлшерде гол жіберіп тұру ғана.

Келер жылдың желтоқсанында «Порту» футбол клубының басшылары қызықты мәлімдеме жасады. Осыдан 12 жыл бұрын олар УЕФА кубогында шотландық «Абердин» командасымен күш сынасады. Жартылай финалдық кездесуде Лиссабондық клубқа бұл жеңіс ақтық сынға шығатын жақсы мүмкіндік тудыратын. Сондықтан ойынға қазылық еткен румын Ион Игнеге берілген 35 мың $ текке кетпегені сөзсіз. Осы болған оқиғаның барлығын клуб жетекшілері бүге-шігесіне шейін баяндап бар кінәларын мойындарына алады. Бірақ УЕФА қозғалған істің соңына түспей, ешкімді де жазаға тартпай, жабулы қазан күйінде қалдырды.

Ал енді еліміз футболындағы дәл осы тақылеттес мәселелерге шолу жасап өтсек. Негізінен біздің біріншілікте былық-шылық араласқан дау-дамайларда «Қайрат», «Ақтөбе», «Локомотив», «Шахтер» сықылды клубтар көбірек жүреді. Соңғысы әсіресе президенті Г.Лориямен байланысты болып жататын. Ол кісі қай клубтың басында отырсын әйтеуір бір шатақ шығатын да тұратын. Бұдан айтар бір қорытынды грузин ұлтты басшының Футбол Одағындағыларға ұнамауы. Содан барып кезінде «Жеңіс», «Шахтер», «Оқжетпес» клубтарының ел біріншіліктерінде жолдары болмай жататын. Төрешілік тарапынан да талай өз «жазаларын» алып отырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или