Моуринью мен Роналду салық төлемегені үшін тағылған айыпты теріске шығарды

Моуринью мен Роналду салық төлемегені үшін тағылған айыпты теріске шығарды

Криштиану мен Моуриньюдың агенті тағылған айыпқа келіспейтінін айтты.

«Олардың салықтық құжаттары толығымен заңға сай. Моуринью мен Роналдуға тағылған жалған айыптаушыларды сот органдарына береміз. Біз кәсіпқойлық принципі мен келісім жасалған елге құрмет білдіріп, келіссөз жасағанбыз», – деп Хорхе Мендештің сөзін Goal.com порталы жеткізді.

Естеріңізге сала кетейін, жақында БАҚ  Криштиану Роналду, Месут Озил, Жозе Моуринью мен Радамель Фалькаоның салық төлемеуі үшін қандай қитұрқы әрекеттерге барғанын жазған болатын.

Football Leaks ақпараты бойынша, түскен ақша   Виргин аралдарына аударылып отырған.

«Жеті ай тергеу жұмыстарынан кейін, біз, Der Spiegel және EIC, Sunday Times пен Expresso (Португалия) материалдарды жарыққа шығара бастадық. Қызық болады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін», – деп жазылды хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или