Зидан: «Роналду команда үшін маңызды»
«Реал Мадридтің» бас бапкері Зинедин Зидан команданың шабуылшысы Криштиану Роналдудың әлі де жеңістерге талпынатынын айтты.
«Қашан да Роналдумен сөйлесемін. Криштиану кәсіби адам, матчтарға қалай дайындалу керектігін біледі. Ол команданың басқа ойыншылары үшін өте маңызды. Себебі онда үлкен күш бар. Оның жеңістерге көңілі толып жүргені үшін қуанамын. Ол әлі де жеңістерге талпынады, бұл команда үшін пайдалы», - деді Зидан.
Испания чемпионатының 13-турынан соң «Реал» 33 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орындағы «Барселонадан» 6 ұпайға озып тұр. Бүгін бұл командалар каталониялық клубтың алаңында кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или