Ресми: Гладченко - «Қайраттың» жаңа ойыншысы

Ресми: Гладченко - «Қайраттың» жаңа ойыншысы

«Қайрат» ФК ресми түрде 19 жасар жартылай қорғаушы Максим Гладченкомен төрт жылдық келісімшартқа отырды. 

Гладченко - «Тараз» футбол мектебінің түлегі. Максим 2013-ші жылдан бері жамбылдық ұжымның қосалқы командасында өнер көрсеткен.

Биыл Гладченко Қазақстанның Бірінші лигасында өнер көрсеткен «Бәйтерекке» ауысып, 40 матчта 3 гол соққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или