Шабуыл шеберлері

Шабуыл шеберлері

Prosports маусымның үздік футболшыларымен таныстыруын жалғастырады. Команданың жеңіске жетуіне тікелей қатысы бар шабуылшылар команданың гол соғуындағы ең маңызды рөл атқаратыны анық. Олай болса сұрмергендермен таныстыруды бастайық. 

 


7-орын

 821ad0615c41605fff5ba61a789fa6d3.jpg

Душан Савич
31 жаста, 173 см
Клубы: «Жетісу»/«Тобыл»
Азаматтығы: Сербия
Алаңдағы орны: Орталық шабуылшы/ сол қапталдағы шабуылдаушы
22 ойын өткізген, 2361 минут ойнаған, 12 гол, 1 нәтижелі пас, 3 ескерту

Сербиялық шабуылшы маусым басында көп гол соғып, көзге түсті. Оның соққан бес голы  «Жетісуға» жеңіс әкелді. Сонымен қатар, Савич осы маусымда  хет-трик жасаған үшінші футболшы.  «Таразбен» болған ойында ол үш мәрте допты қақпада тулатқан болатын. Маусымның алғашқы жартысын сәтті аяқтаған шабуылшы, «Тобылға» ауысады. Ол жерде алты мачта бір гол да сала алмады. Дегенмен, оның нәтижесі биылғы чемпионаттағы үздік нәтижелер қатарына кірді. 

Өз сөзі
Маусым басталмай тұрып:
– Әрине, әр ойында гол соғып, былтырғы нәтижемді жақсартқым келеді. Бірақ командалық нәтижені бәрінен биік қоямын.

6-орын

067230c08004e62fccd35185fcbe7fe0.jpg
Александр Гейнрих
32 жаста, 183 см
Клубы: «Ордабасы»
Азаматтығы: Өзбекстан
Алаңдағы орны: орталық шабуылшы/ артқы шабуылшы
20 ойын өткізген, 1138 минут ойнады, 10 гол, 2 нәтижелі пас, 1 ескерту
Гейнрих Қазақстанда бірнеше маусым бойы жақсы нәтиже көрсетуде. Голдарының көбін пенальтиден (алты) соққанымен, ол командасына пайдалы ойыншы бола алды. Футболшының тәжірейбесі командаластарына шабуыл кезінде үлкен көмек болғаны анық. 


Өз сөзі
Маусым алдындағы жиыннан кейін:
– Мен командамның көбірек жеңіске жетіп, чепионаттың медалін алғанын қалаймын. Мен жеке басымның қамын ойлайтын астан өтіп кеттім деп ойлаймын. Ең бастысы - команданың жетісітігі. н

5-орын

f556ed59d511e9b7fe04132578d537ea.jpg
Джордже Деспотович
24 жаста, 190 см
Клубы: «Астана»
Азаматтығы: Сербия
Алаңдағы орны: орталық шабуылшы
31 ойын өткізген, 1941 минут ойнады, 8 гол, 2 нәтижелі пас, 3 ескерту
Деспотович  осы маусымда жоғары нәтиже көрсете алмады. Дегенмен оның 3 голы командаға жеңіс сыйлады. Сербиялық алаңда өз орнын таба алатын футболшы. Деспотович еурокубоктарда да жақсы ойын өрнегімен көзге түсе алды. 

Өз сөзі
Қазақстан Кубогының финалы алдында:
– Мен 18 жасымда Кубок пен чемпионатта 15 гол соққан болатынмын. Содан кейін маған көп ұсыныс түсті. Бірақ бір жыл Бельгияда ойнағаннан кейін маған не болғанын түсіне алар емеспін.

4-орын

7a765ee593c36dab1efd58b828787c18.jpg
Малик Мане
24 жаста, 190 см
Клубы: «Тараз»
Азаматтығы: Сенегал
Алаңдағы орны: орталық шабуылшы
30 ойын, 2629 минут ойнаған, 13 гол, 3 нәтижелі пас, 2 ескерту

Мане премьер лигаға сәтті оралды.  «Тараздың» футболшысы  ел біріншілігінде  хет-трик жасап, өзіне назар аудартқан болатын. Шабуылшы  90% мүмкіндікпен клубын ауыстыруы мүмкін. Келесі маусымда Мане үздік сұрмерген атағына таласатыны күмәнсіз. 

Өз сөзі
Маусым басында:
–  «Таразда» ойнаған маған ұнайды. Әрине, барлық нәрсе көңілден шыға бермейді. Дегенмен, маған бұл жерде ыңғайлы. Клуб ұжымы да жақсы. Басшылықпен және футболшылармен қарым-қатынасым жақсы. Барлық 90 минут  бойы алаңда жүремін. Басқа не керек?

3-орын

7f955d09c0a3195093fca87bbadf0f7f.jpg
Карлуш Фонсека
29 жаста, 180 см
Клубы: «Ертіс»
Азматтығы: Португалия
Алаңдағы орны: орталық шабуылшы
28 ойын, 2417минут ойнаған, 6 гол, 5 нәтижесі пас, 11 ескерту

Португалиялықтың жалғыз осал тұсы ретінде оның ойын тәртібін жиі бұзатынын айта кету керек. Фонсека бір маусымда 11 рет сары қағаз алып үлгерген.

Өз сөзі
Маусым соңында:
– Қазақстан құрамасына ойнау ма? Білмеймін. Маған ұсыныс түссе, жақсылап ойланар едім. Мен португалиялықпын және португалиялық болып өлгім келеді. Дегенмен, дұрыстап ойланар едім.  

2-орын

961d7f587673a87bae84e6ffec410e05.jpg
Роман Мұртазаев
23 жаста, 185 см
Клубы: «Ертіс»
Азаматтығы: Қазақстан
Алаңдағы орны: орталық шабуылшы
32 ойын, 2566 минут ойнаған, 18 гол, 3 нәтижелі пас, 3 ескерту
Роман – маусым жаңалығы. Мұртазаев осы маусымда 8 нәтижелі гол соққан. 18 гол - маусымның екінші нәтижесі. Келесі маусымда шабуылшы астаналық клуб сапында ойнайды. 
Өз сөзі
Маусым біткеннен кейін:
– Клубтағы жігіттер менің ойынымды дамытуға көмектесе алады. Осы жерде спортшы ретінде өсетініме сенемін. Құраманың негізгі құрамына өткім келеді. Еуропалықтармен бір деңгейде ойнағанды қалаймын. 

1-орын

0842feeebb9711a0e3c3e4dcbcd8dc08.jpg
Жерар Гоу
27 жаста, 184 см
Клубы: «Қайрат»
Азаматтығы: Кот-д’Ивуар
Алаңдағы орны: орталық шабуылшы
29 ойын, 2326 минут ойнаған, 22 гол, 5 нәтижелі пас, 4 ескерту

Гоу екінші маусым қатарынан 22 голдан соқты. Оны мүмкіндікті құр жібереді деп сынның астына алып жүр. Бірақ африкалық әр матч сайын қақпа торында доп тулатып, сұрмергендер көшінің басында жүреді. Жерар Гоудың нәтижесі еуропалық кубтарды өзіне қаратуда. Бірақ шабуылшы Алматыдан кетуге әлі асықпайтын сияқты. 
Өз сөзі
 «Астананы» (4:1) жеңгеннен кейін:
– Мен сіздерге «Қайраттың» – Қазақстандағы үздік клуб екенін айтқан болатынмын. Біздің жанкүйерлер бізді үнемі қолдап жүреді. Олардың бізге көп көмегі тиді.

46b763896aa7c6a60b2e56e8bb6abcce.jpg

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или