Лапорта: Роналду «Барселонада» ойнауы мүмкін еді

Лапорта: Роналду «Барселонада» ойнауы мүмкін еді

«Барселонаның» бұрынғы президенті Жоан Лапорта кезінде Криштиану Роналдуды сатып алу мәселесі қозғалғанын айтты. "Мен клубтың президенті болып тұрған кезде Роналдудың агенті хабарласты. Ол бізге Декуды сатқысы келді. Алайда, біз соның алдында ғана қомақты қаржыға Роналдиньо, Маркес және Куарежманы сатып алып қойдық. Содан кейін, әлгі агент маған онда арзандау бағаға Криштиану Роналду деген футболшы бар деп ұсыныс жасады. Сол кездегі бағасы 17 миллион доллар болатын. Кейіннен оны "Манчестер Юнайтедке" 19 миллионға сатып жіберді" - деді Жоан Лапорта. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или