Швайнштайгер осы маусымда алғаш рет алаңға шықты
«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Бастиан Швайнштайгер осы маусымда алғаш рет негізгі команда сапында ойнады. Ол Англия лигасының кубогы аясында өткен «Вест Хэмға» (4:1) қарсы матчта алаңға шыққан.
«Тамаша нәтижемен аяқталған керемет кеш болды. «Олд Траффордта» жылы қарсы алғандарыңызға алғыс айтамын», - деп жазды Швайнштайгер Твиттердегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейін, маусым басында Жозе Моуринью 32 жастағы германиялықты екінші командаға ауыстырған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или