«Қайрат» 2017 жылы барлық үш лигаға да команда қосады
2017 жылы «Қайрат» Қазақстандағы үш лига да ойнайтын болады, деп жазады клубтың ресми сайты.
«Қайрат U-21» осы маусымда Екінші лиганың жеңімпазы атанып, Бірінші лигаға жолдама алған болатын. Нәтижесінде «Қайрат» Екінші лигаға бір команда қосуға мүмкіндік алды. 2017 жылы клубтың командалары Премьер-лигада, Бірінші және Екінші лигада жарысқа түсе алады.
Клуб басшылығының шешімімен Бірінші лигада ойнайтын команданың аға бапкері ретінде Константин Горовенко тағайындалған. Соңғы екі маусымда бұл маман негізгі команданың бапкерлер штабында қызмет атқарған болатын. Бапкердің көмекшісі ретінде Александр Шатских таңдалды.
Айта кетейік, Константин Горовенконың орнына бапкерлер штабына «Қайрат U-19» тізгінін ұстаған Сергей Лабодовский келеді. Екінші лигада ойнайтын командаға келсек, бұл ұжымды Максим Шевченко баптамақ.<span id="pastemarkerend"> </span>