Колумбияда құлаған ұшақ пилотының соңғы сөздері жария етілді
Колумбия ақпарат құралдары 29-шы қараша күні апатқа ұшыраған ұшақ пилоты мен диспетчерлердің арасындағы әңгіменің соңғы минуттарын жариялады.
Бұл туралы Егемен Қазақстан хабарлайды.
Байланыс жоғалар алдында пилот ұшақта электрдің мүлдем өшіп қалғанын және жанармайдың таусылғанын айтады.
Британдық Mirror басылымының хабарлауы бойынша, құлардың алдында ұшақ пилоты Микель Кирога электрониканың мүлдем өшіп қалғанын айтып, ұшақты басқаруға көмектесуді сұраған.
Диспетчермен байланыс жоғалар алдындағы пилоттың соңғы сөздері мынадай болған: «GPS істеп тұрған жоқ, не болғанын білмеймін. Электрониканың бәрі істен шықты! Қону координаттарын беріңіздер! Құлап бара жатырмыз. Көмектесіңдер. Координаттарды беріңіздер! 1000 фут биіктеміз!».
Естеріңізге сала кетсек, Бразилияның «Шапекоэнсе» футбол клубы бар 81 жолаушы мінген ұшақ Колумбияның Мидельин әуежайы маңында құлаған болатын.