«Астана» - Швейцарияда

«Астана» - Швейцарияда

«Астана» футбол клубы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Швейцария еліне аттанды.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

Үш дүркін Қазақстан чемпионы Швейцарияның Регенсдорф қаласында жайғасты. Бүгін астаналық футболшылар жиындағы бірінші жаттығуын өткізеді.

Швейцарияға аттанған футболшылар:

Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Абылайхан Дуйсен;

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Марин Аничич, Сергей Малый, Евгений Постников, Біржан Құлбеков, Абзал Бейсебеков, Аманбол Әлиев, Игорь Шитов;

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Азат Нұрғалиев, Серікжан Мұжықов, Геворг Наджарян, Абай Жүнісов, Агим Ибраими, Неманья Максимович, Рохер Каньяс;

Шабуылшылар: Джордже Деспотович, Патрик Твумаси, Джуниор Кабананга, Роман Мұртазаев.

Естеріңізге сала кетсек, Швейцарияда Станимир Стойловтың командасы екі матч өткізеді. Алдымен, желтоқсанның 4-і жергілікті «Баденге» қарсы жолдастық кездесу өтеді, артынша 8-ші желтоқсан күні Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Янг Бойзбен» күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или