Моуринью бір матчқа дисквалификация алды

Моуринью бір матчқа дисквалификация алды

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Жозе Моуринью бір матчқа дисквалификация алды, деп жазады Евроспорт.<br /><br />ФА португалиялықты «Вест Хэммен» болған ойындағы әрекеті үшін дисквалификациямен жазалаған. Естеріңізге сала кетейін, сол матчта Моуринью су толған шөлмекті теуіп, төрешінің шешімімен келіспейтінін білдірген. Джонатан Мосс бірден бапкерді алаңнан қуған болатын. <br /><br />Одан бөлек португалиялық маман 16 мың фунт стерлинг айыппұл төлеуі тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или