«Шапекоэнсе» ойыншылары отырған ұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталды
Колумбияның азаматтық авиацияның авиациялық қауіпсіздігі қызметінің басшысы Фредди Бонилья «Шапекоэнсе» командасының мүшелері отырған ұшақтың апатқа ұшырау себебін анықтағандарын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейін, апатқа ұшыраған ұшақтың бортында 77 адам болған, деп жазады championat.com. <br /><br />«Біз тексерістен кейін ұшақта жанармай болмағанын көрдік. Біз жанармайдың жетпей қалу себебін анықтау үшін тергеу жүргіздік. Халықаралық стандартқа сай ұшақта тағы 30 минутқа ұшу үшін артық жанармай болуы тиіс. Бірақ бұл ұшақта төтенше жағдай үшін сақталатын жанармай болмаған», — деп Бонильюдың сөзін Lider Web жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или