Айсұлтан Назарбаев: «Мұндай әңгімені өз атама да айтқан жоқпын!»
Қазақстан президентінің немересі Айсұлтан Назарбаев біраз уақыт бұрын еліміздің футбол федерациясын басқарғысы келетінін айтқан болатын. Енді Facebook парақшасында ашық пікірін қалдырып, үлкен сын жазды.
Назарларыңызға Айсұлтанның парақшасындағы текстті ұсынамыз.
«Иә, мен қазақстандық футболдың басшысы емеспін. Неге екенін білмеймін, Өтемұратовқа тиесілі informburo.kz сайты Назарбаевтың жеңілісі туралы тоқтамай жазуда. Бір қызығы, мен бұл циркке қатысқан да жоқпын.
Қожағапановтың футболдан кеткен уақытында реформалар орын алды: құрылтайшылардың жаңа тізімі, сайлау тәртібінің жаңа ережесі. Нәтижесі осы, Жақсыбеков біздің футболды толық басқарып отыр: бүгінде оның қолшоқпарындағы адамдар мен компаниялары сайлау кезінде басымдықты беріп отыр. Мұндай жағдайда демократияның иісі де шықпайды.
Әрине, «Аға, маған футболды беріңіз. Сіздің парасатты кеңестеріңізге құлақ асып отырамын», - деп Жақсыбекке айтуымды бәрі де күтті. Сол кезде ҚФФ президенті орнына отыратыныма 99% сенімдімін. Бірақ мұндай әңгімемен туған атама да барған жоқпын! Олар әңгіменің намыста, билікті көксеуімде не көрсетілген нәтижеде емес екенін түсінбеді. Мен олар сияқты емеспін. Мен үшін ұят мен ар – ең басты құндылықтар. Ал бұл біздің «элитаның» ойлары орта ғасырда қалып қойғанын тағы да көрсетті.
Президенттің айналасында осындай адамдардың бар екенін және елді жаппай басқарғысы келетіндерін көріп, жиіркеніп кетемін.
Ғаламторда ашық айтылатын сұрақ бар – «Кім мықты: Өтемұратов пен Жақсыбековтың одағы ма, әлде Тасмағамбетов пен оның адамдары ма? Кімнің қауымы биліктің транзитін қамтамасыз етеді? Келесі басшы кім?» Жақсыбеков футболда өзінің себенген картасын көрсеткеннен кейін бұл сұрақтардың бәрі де дұрыс еместігін байқатты. Менің білетінім: олар өздерінің жеке бас қызықтарынан асып түспе алмағандықтан, елдің жағдайын кеңінен ойламайды. Олар халықтың жаңа жауларын тағайындап, әр саланы өз басшылықтарына бөліп алады. Олардың сенуінше, болашақ соларда болады.
Айтпақшы, informburo.kz неліктен «Назарбаев жеңілді» дегенді қайталай береді? Мүмкін оның басшысына бұл тіркес ұнап қалған шығар? Сіздердің келесі қадамдарыңыз – Айсұлтан Назарбаевты «халық жауының баласы» деу ме? Жарайды, менің әкеме деген көзқарасымды білесіздер, сіздерден бір айырмашылығым – мен оны ешқашан өзгертпеймін. Өзімді сіздердің «достықтарыңыз бен қолдауларыңызға» айыр бастамаймын. Менің күшім осында».