Маруан Шамах «Алтайға» ауысуы мүмкін
Футболдан Марокко құрамасы мен «Кардифф Ситидің» шабуылшысы Маруан Шамах мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін. <br />
Бұл туралы «Наш футбол.kz» телебағдарламасының жүргізушісі Петр Воликов мәлім етті. 32 жастағы футболшы Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған «Алтай» футбол клубына ауысуы ықтимал.
Естеріңізге сала кетсек, Шамах, бұның алдында англиялық «Арсенал», «Вест Хэм Юнайтед», «Кристал Пэлас» және франциялық «Бордода» өнер көрсеткен болатын.
Айта кетер жайт, Маруанның қаңтар айында «Кардиффпен» келісімшарты аяқталады. Биылғы маусымда марокколық футболшы жасыл алаңға екі рет қана шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или