«Спортинг», «Монако», әлде «Севилья» ма?
Футболдан Сербия құрамасы мен «Астананың» жас жартылай қорғаушысы Неманья Максимовичке бірқатар еуропалық клубтар қызығуда.
Италиялық TuttoMercatoWeb басылымының ақпараттарына сүйенсек, лиссабондық «Спортинг» жақын арада Максимовичті сатып алу жөнінде елордалық клубқа ұсыныс тастайды. <br /><br />Португалиялық команда сербиялық ойыншыны қаңтар айында өз қатарына қоспақшы. Сондай-ақ, Неманьяны франциялық «Монако» мен испаниялық «Севилья» сатып алғысы келеді. <br /><br />Естеріңізге сала кетсек, Максимовичтің «Астанамен» келісімі келер жылдың маусым айында аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или