Ақтөбеде спорт басқармасының экс-басшысы қамауға алынды
Ақтөбеде облыстық спорт басқармасының басшысы қамауға алынды, деп жазады "Диапазон" .
Басылымның берген ақпараты бойынша, шенеунікке «Ақтөбе» ФК бұрынғы директоры Дмитрий Васильевтің ісі бойынша қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін айып тағылып отыр. Тергеу бойнша Маханов Васильевке 240 миллион теңге сыйақы бөліп беруге қатысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, Маханов Дмитрий Васильевпен заңсыз келісім шартқа отырып, «Ақтөбе» ФК директоры қызметіне тағайындап, 4 миллион теңге жалақы берген. Айта кету керек, бұндай жалақы клуб басшысы жалақысына тағайындалған сомадан едәуір көп.
Естеріңізге сала кетейін, 46 жастағы Дмитрий Васильев 8-ші қараша күні қамауға алынған болатын. Оған 240 миллион теңгені заңсыз алғаны үшін айып тағылуда. Васильевтің кінәсі дәлелденсе, 7-ден 12-ге дейінгі жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.