«Шапекоэнсе» тағдыры...

«Шапекоэнсе» тағдыры...

"Шапекоэнсе" командасы Бразилия чемпионатының жоғарғы девизиондарына енді көтеріліп келе жатқан команда еді. Латын Америкасының кубогы деп аталатын жарыста олар Колумбияда кездесу өткізу керек еді. Алайда, команда ойынға жете алмады. 

Медельин қаласына 30 шақырым қалған кезде әуе кемесі жерге құлады. Ал оған дейін Боливия аумағында самалет диспетчерлермен байланыссыз қалған болатын. Ең соңында жанармайы таусылып, жерге құлады. 75 адамның ішінде 6 адам тірі қалған. Олардың қатарында бір стюардесса бар. Олардан бөлек түрлі ауыр жарақаттар алғанымен, тірі қалғандар қақпашы Данило Папдилья, қорғаушы Алан Рушель, Джексон Фоллман және Нету деген футболшы. Бортта негізі футболшылардан бөлек, команданың басшылығы, бапкерлік штаб, жергілікті журналистер болған. Ал негізі сырттағы ойынға түрлі жағдайлармен 9 футболшы бармай қалған. Олар осы бір рет матчқа бармағандарына қатты қуанған да шығар. 

Бір қызығы Медельин қаласы бұл қазақстанда доп теуіп жүрген колумбиялық легионер Рохер Каньястың туған жері. Таулы аймақта CP-2933 әуе кемесі жермен байланысын үзіп алған. Электроникасы істен шыққан. Осыған дейін дәл осы аталған ұшақ компаниясының чартерлік рейстерімен Аргентина құрамасы да ұшып жүрген екен. Ал жалпы бұл компанияның осымен 10-самалеті апатқа ұшырап отыр. 

63294713059cf316b298ac94adaab449.jpg

Кезінде "Манчестер Юнайтед" командасы Мюнхен әуежайында екі жарылып, қақ бөлінген кезде Бобби Чарльтон бастаған бірнеше футболшы тірі қалған еді. Сол футболшылар команданы қайта тірілтіп, түлетті. Команданы тіпті одан да даңқты қылып, абройын асқақтатты. Бұл жолы да бразилияның "Гремио" командасының басшысы Ромилдо Балзану "Шапекоэнсе" клубына футболшыларымызды бөліп берейік деп ұсыныс тастап отыр. 

Бұл қайғылы оқиға, тек Бразилияны ғана емес, күллі әлемдік футболдың назарында тұр. Әзірге "Шапекоэнсенің" болашақтағы тағдыры қалай болары белгісіз. Бірақ, клуб өмірі мұнымен аяқталмас..

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или