Лукас Лейва: «Сол рейсте мен бірге ойнаған бірнеше футболшы болған»
Кеше «Лидске» қарсы Англия лигасы кубогының ширекфиналдық матчынан кейін «Ливепульдің» жартылай қорғаушысы Колумбиядағы әуе апатында бірге ойнаған футболшылардың қайтыс болғанын айтты.
Лейваның айтуынша, оған «Шапекоэнсенің» трагедиясынан кейін ойынға дайындалу қиын болды. Кездесу «Ливерпульдің» жеңісімен аяқталды - 2:0.
«Бұл сұмдық трагедия. Сол рейсте мен бірге ойнаған бірнеше футболшы болған. Маған бүгін ойнау өте қиын болды, себебі қайтыс болғандардың көбін танитын едім. Олардың отбасылары қажетті қолдауды алады деп үміттенеміз», - деді Лукас Лейва.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или