ҚФФ «Шапекоэнсе» футбол клубына көңіл айтты
Қазақстан футбол Федерациясы «Шапекоэнсе» футбол клубының трагедиясына байланысты көңіл айтады.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Колумбияда бразилиялық «Шапекоэнсе» командасы отырған ұшақ апатқа ұшырап, 77 адам қайтыс болды. Тағы төрт адам ауруханада жатыр.
«Шапекоэнсе» Колумбияда Оңтүстік америка кубогының финалында (Американың Еуропа лигасы - Prosports) «Атлетико Насьональ» клубымен кездесуі керек болған.
Қазақстан футбол Федерациясы қайтыс болған кісілердің отбасына, туған-туыстарына көңіл айтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или