Месси ПСЖ-мен келіссөзді бастады
Аргентина құрамасы мен «Барселонаның» футболшысы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси франциялық ПСЖ-мен келіссөзді бастады, деп хабарлайды RTL.
Басылымның берген ақпараты бойынша, Хорхе Месси ПСЖ-ның спорттық директоры Патрик Клюйвертпен үнемі байланыста болған.
Осыған дейін испаниялық БАҚ өкілдері Мессидің «Барселонамен» келісім шарт мерзімін ұзартпағанын жарыса жазған болатын. Қазіргі келісім шарт бойынша Месси 2018 жылдың жазына дейін католониялық клубтың сапында болуы тиіс.
Бұл клуб үшін аргентиналық 549 матч өтікізіп, 475 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или