193-ші «Эль-Класико». Матчты қай арнадан көре аламыз?
3-ші желтоқсан күні Испания чемпионатының 14-ші туры аясында «Барселона» өз алаңында мадридтық «Реалды» қабылдайды. Бұл футбол тарихындағы 193-ші «Эль-Класико» болмақ.
<br />Қазіргі күні Испания чемпионатында «Реал» 33 ұпаймен көш бастап келеді. «Барселона» болса 27 ұпаймен екінші орында. <br /><br />Соңғы рет екі команда 2-ші сәуір күні «Камп Ноуда» кездескен болатын. Ол матчта Зиданның шәкірттері 1:2 есебімен басым түскен.
Айта кету керек, матчты «Kazsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын 21:10-да басталмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или