«Интер» «Фиорентинаға» төрт гол соқты
А сериясының 14-турында «Интер» «Фиорентинамен» күш сынасты.
Миландықтар ойынды жоғары қарқында бастады - 19-минутта алаң иелері 3:0 есебімен жеңіп жатты. Бірақ артынша Калинич пен Иличич гол соғып, есеп айырмасын бір голға дейін қысқартып тастады.
Қонақтар соңғы минутқа дейін есепті теңестіруге тырысқанымен, соңғы сөз «Интер» ойыншыларында қалды. Қосымша уақытта Икарди алаң иелерінің төртінші голын соқты.
Осы жеңісінің арқасында «Интер» «Фиорентинадан» озып, 8-ші орынға көтерілді. Ал «Фиорентина» 9-ші сатыда тұр.
Италия чемпионаты, А Сериясы, 14-ші тур
«Интер» – «Фиорентина» – 4:2 (3:1)
Голдар: Брозович, 3 (1:0), Кандрева, 9 (2:0), Икарди, 19 (3:0), Калинич, 37 (3:1), Иличич, 62 (3:2), Икарди, 90+1 (4:2)
«Интер»: Ханданович, Миранда, Ансальди, Раноккиа, Д`Амброзио, Банега (Фелипе Мелу, 69), Кандрева (Эдер, 79), Кондогбья (Жоау Мариу, 46), Брозович, Перишич, Икарди.
«Фиорентина»: Тэтэрушану, Родригес, Астори, Милич (Томович, 46), Сальседо, Валеро, Бадель, Иличич, Калинич, Тельо (Перес, 75), Бернардески (Кьеза, 65).
Ескертулер: Кондогбья, 39. Сальседо, 41. Брозович, 55. Миранда, 58. Фелипе Мелу, 76. Бадель, 82. Валеро, 83. Ансальди, 84.
Алаңнан қуылды: Родригес, 45+1.
Төрешілер: Дамато (Италия)
29.11.2016. Милан. Стадион «Сан-Сиро».