Тимощук «Зениттің» бапкерлік штабына кірмейді
Жақында ғана «Қайрат» сапынан кетіп қалған Анатолий Тимощук «Зениттің» бапкерлік штабына кіретіні туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Газеттер ойларына келген нәрсені жаза береді», - деді Тимощук.
Жақын арадағы 37 жастағы футболшы PRO бапкерлік лицензиясын алады, кейін Ресей Премьер-лигасында жаттықтырушы болуға мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, Тимощуктің мансабында донецкілік «Шахтер», петерборлық «Зенит» және мюнхендік «Бавария» секілді ұжымдар болды. Ал «Қайратта» ол Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или