Бақтияр Байсейітов: «Мане мен Кассай «Ордабасының» оқу-жаттығу жиынына қатысады»
«Ордабасының» бас бапкері Бақтияр Байсейітов Prosports тілшісіне шымкенттік клубқа ауысуы мүмкін жаңа футболшылар жайлы айтып берді.
- Бақтияр Даниярұлы, Тұңғышбаевпен келісімшарт ұзартылмады деген апқарат қаншалықты рас?
- Жоқ, ол командада қалады. Нақты келісімшарт әлі жасасқан жоқпыз, бұл мәселе алдағы оқу-жаттығу жиынында шешіледі.
- «Ордабасы» Малик Мане мен Фернандер Кассайға қызығушылық танытып жүр. Бұл жайлы не айтасыз?
- Иә, көптеген футболшылар «Ордабасыда» ойнағысы келеді, бірақ Мане мен Кассай шымкенттік клубқа ауысады деп нақты айтпас едім.
- Олар ОЖЖ-ға қатысады ма?
- Иә.
- Смақов «Алтайға» ауысуы мүмкін бе?
- Саматтың өзіне байланысты. Соңғы рет онымен сөйлескенде, ол «Ордабасыда» қалғысы келетінін айтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или