«Янг Бойз» «Лозаннаны» ұтты
«Астананың» Еуропа лигасындағы қарсыласы «Янг Бойз» Швейцария чемпионатында кезекті матчын өткізді.
Ел біріншілігінің 16-шы турында «Янг Бойз» сырт алаңда «Лозанна» командасын 2:1 есебімен жеңді. Адольф Хюттер баптайтын команда сапында Гийом Оаро дубль жасады. «Лозанна» сапында Бен Халифа көзге түсті.
16 турдан кейін «Янг Бойз» 29 ұпаймен Швейцария чемпионатында екінші орында келеді.
Естеріңізге сала кетсек, «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі соңғы кездесуін «Янг Бойзға» қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или