«Урал» ФК басшысы: «Жуков па? Қалаған жеріне кетсін!»

«Урал» ФК басшысы: «Жуков па? Қалаған жеріне кетсін!»

«Урал» футбол клубының директоры Григорий Иванов Георгий Жуковқа қатысты пікірін білдірді. 


– Георгий Жуков бізге не керек? Ресей біріншілігіне бекер ауыстым деп санайды екен. Ондай болса, бара берсін қалаған жеріне. Оған қанша ақша жұмсасақ, сол сомаға өзге командаға ауысады.

– Жуковпен  қоштасасыздар ма?

– Әрине.

– Жуков биылғы маусымда 128 минут өткізіпті алаңда. Неге аз?

– Қайдан білейін? Бапкерлер ойнатпайды, өзі нашар болған соң, – деді Иванов Ura.ru сайтына берген сұхбатында. 

 
Естеріңізге салайын, Жуков Ресей құрамасында ойнағысы келетінін айтып, Қазақстан чемпионатын жамандаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или