Ресейлік басылым Мәлік Күшәлиевтің сөздерін ойдан шығарып алған

Ресейлік басылым Мәлік Күшәлиевтің сөздерін ойдан шығарып алған

«Қайрат» ФК бас директоры Мәлік Күшәлиев life.ru сайтының журналистеріне сұхбат бермеген. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі мәлім етті. 

26 қарашада life.ru сайтында «Қайрат» Кубоктың финалисіне берген медальді лақтырып жібергені үшін Аршавинді жазаламайды» деген тақырыппен материал жариялаған, мұнда «Қайрат» ФК бас директоры Мәлік Күшәлиевтің сөзі келтірілген екен. Назарларыңызға «Қайрат» баспасөз-қызметінің осы ақпаратқа қатысты жауабын ұсынамыз: 

«Негізі, ресейлік сайттың өкілдері бас директормен байланысқан жоқ, өз кезегінде, ол да ешкімге ешқандай сұхбат бермеген. Біз журналистік этиканы бұзып, сұхбат алмай-ақ, мұндай пікірді жазуға тыйым саламыз. Олай болмаған жағдайда, бізге сотқа баруға тура келеді. Біздің пікірімізше, life.ru өзіне назар аудару үшін өте төмен және арзан тәселдерге барды. Клуб жалған ақпараттарды таратқандарды жауапқа тарта алады.

Айта кетейік, «Қайрат» ФК өкілдерімен байланысқа шығу үшін БАҚ өкілдеріне алдымен клубтың баспасөз-қызметімен келісуі қажет, алайда Мәлік Күшәлиевтен сұхбат алу үшін life.ru редакторлары не журналистерінен ешкім байланысқа шықпады», - деп жазылған хабарламада. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или